Еліміздің жылу орталықтары қысқа дайын ба? Министр жауап берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздің барлық жылу электр орталықтарының қысқа дайындығы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері министрден қандай ЖЭО жұмыс толық аяқталғанын, тексеріс барысы қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.

"Қазіргі кезде бүкіл Қазақстан бойынша жылу беру маусымын бастадық. Қажетті көлемдегі құрал-жабдықтар іске қосылды. Қараша айының соңына дейін қазандық жабдықтарының тағы  бір бөлігі іске қосылады. Жалпы, энергетикалық кешен жылу беру маусымына дайын. Қысқа дайындық жайлы құжаттардың 90 пайызы қаралды", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Олжас Адай

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!