- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде әйел алғашқы...
Ақтөбеде әйел алғашқы кездесуден кейін ер адамды пышақтап өлтірген
Ақтөбеде әйел алғашқы кездесуден кейін ер адамды пышақтап өлтірген. Сот әйелді 13 жылға жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі diapazon.kz-ке сілтеме жасап.
Татьяна бұрын сотталған. Ол бостандыққа шыққаннан кейін алты ай өткен соң құрбысымен көшеде бір жігітті кездестірген. Жігіт қыздарды үйіне шақырған. Кеш арты жанжалға ұласып, Татьяна мен үй иесі төбелесіп қалған. Кейін әйел пышақ алып, сол күні танысқан жігітті пышақтап кеткен. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Сот отырысында Татьяна үй иесінің оны ренжітіп, ұрып-соғып, шешіндіре бастағанын айтты. Ал ол қолына түскен алғаш нәрсені ұстап, шабуылдаушыны ұрған. Татьяна еденнен көтеріле бергенде ер адамның арқасынан пышақ көрген. Ол қорқып, құрбысын оятып, пәтерден қашып кеткен. Кейін әйел жігіттің пәтерінде телефонын ұмытып кеткенін есіне алған. Дәл осы сәтте пәтерге полиция келген.
Бірақ жігіттің көршісі сол күні кешке оның есігін біреу қаққанын айтады. Ер адам көмек сұраған, ал әйел оған аузын жабуды бұйырған. Жігіттің көршісі бірден 102 нөміріне хабарласқан.
Сот Татьянаны кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, бұрынғы қылмысы үшін жазаның өтелмеген бөлігін ескере отырып, оны 13 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол өлтірілген ер адамның әпкесіне 8 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек