Тұрлыхановтар әулетінде тағы да дау: депутаттың інісі әйелін ұрған

Тұрлыхановтар әулетінде тағы да дау: депутаттың інісі әйелін ұрған
Фото: instagram.com/kozachkov_offside

Желіде танымал әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелін ұрып тастағаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Kozachkov offside Telegram-арнасында пайда болды. 

"Қазір Рахат ән айтпаса да, әйелін ұрады. Қазанда ол әйеліне қол көтерген, оған полиция араласуға мәжбүр болды. Сотта әйелі күйеуімен татуласты, ол жазадан құтылды. Біз Тұрлыхановтың екінші әйелі туралы айтып отырмыз, олар суретте", - делінген жазбада. 

Кейінірек Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қарағаныны (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабының 1-1 б.) хабарлады.

Сот биылғы қазан айында Тұрлыханов үйде болған кезде жанжал шығарып, сол кезде әйелін ұрып-соғып, физикалық залал келтіргенін анықтады.

Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан.

"Жұбайы І. іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өзара татуласуға байланысты, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Заңның талабына сәйкес, 73-2 б. (1-1 б.) бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдарды, егер олар жәбірленушілермен татуласса, сот әкімшілік жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Жұбайы Т.-мен татуласқанын ескере отырып, сот оған қатысты іс жүргізуді тоқтату және тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босату қажет деп санады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов - депутат Дәулет Тұрлыхановтың немере інісі. 

Еске салайық, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Кейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрды деп айыпталғаны хабарланған еді.

Әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Әкежан қызды соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болды. Кейінірек мәжілісмен бұл жағдайдан бейхабар болғанын, жаңа ғана білгенін айтты.

Сондай-ақ, депутаттың достары, замандастары осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

Рахат Тұрлыханов - танымал әнші. Оның "Әжеме", "Танцуй, как огонь", "Зимние ливни", "Азем" сынды әндері бар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан