Ауылдан шығып дүниежүзін мойындатқан кішкентай модель

Ауылдан шығып дүниежүзін мойындатқан кішкентай модель
Фото: Автордан

Он жастағы Мариям Ишанғалиева сұлулық әлемінде мектепті аяқтағанға дейін ғана өнер көрсетеді. Кейін Оңтүстік Корея елінде медициналық бағытта білім алмақ. Кішкентай Мариямның басты мақсаты - білікті хирург болу, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әлем моделі – 2021", "Әлем моделі – 2022" титулын жеңіп алған он жастағы Мариям Ишанғалиева халықаралық бірнеше сұлулық байқауларының жеңімпазы. Подиумға заманауи стильдегі ұлттық киіммен және қазақтың күйлерімен шығып жүрген Мариям қазіргі уақытта әлемге қазақтың өнерін дәріптеп жүр.

Бір қызығы, Ресейді былай қойғанда, Малайзия, Дубай, Миланнан сән апталықтарына шақырту алып жүрген Мариям подиумға шығатын киімдерінің эскиздерін өзі сызып, өзі жобалайтын болып шықты. Ал киімдерін көршілес Жасталап ауылында тұратын ісмер әпкесі Ботагөз тігеді. Тіпті Мариям модельдік өнер бойынша кореялық шеберлерден білім алған.

Осылайша, Мариям әлемге модель ретінде ғана емес, дизайнер ретінде де таныла бастаған.

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында тұратын Мариям осы ауылдағы Сәбит Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбында оқып жатыр. Оқуда үздік Мариямның сүйікті пәні математика болып шықты.

Баян Жанұзақова

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы