- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Путиннің қайтыс болғаны...
Путиннің қайтыс болғаны рас па? Кремль жауап берді
Telegram-арналарында Ресей президенті Владимир Путиннің "қайтыс болғаны" туралы хабарламалар тарады. Кремль бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Риа Новостиге сілтеме жасап.
"Путин қайтыс болды, оның орнында оған ұқсайтын адам отыр, ел төңкеріс жасау алдында тұр" деген қауесет - "абсурд ақпарат", - деді президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Песков бір аптада президенттің денсаулығына қатысты ақпаратты екінші рет жоққа шығаруға мәжбүр болды. 24 қазанда ол Путиннің жүрегі тоқтап қалды деген қауесеттің жалған екенін айтты.
"Ешқандай егізі жоқ, оның жағдай жақсы, бұл жай кезекті жалған ақпарат", - деді Песков.
Оның айтуынша, мұндай ақпарат Кремльдің күлкісіні келтіреді.
Биыл сәуірде Песков Путиннің денсаулығына қатысты тағы біір ақпаратты жоққа шығарып, Ресей президентінің "мега-белсенді" және оның "энергиясына қызығуға болатынын" айтқан еді.
"Әрине, ол ешқашан бункерлерде отырмаған. Бұл да өтірік", - деді Песков.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек