- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыдағы шахтада жарылыс...
Қарағандыдағы шахтада жарылыс кезінде қаза тапқан соңғы кеншінің денесі табылды
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жаралыстан қаза тапқан 46-кеншінің денесі табылды. Бұл туралы сейсенбі күні үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін іздестіру-құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан 45 кеншінің денесі және алдын-ала болжам бойынша 46-адамның адамның дене бөлшектері табылды. Қаза болған 40 адамның жеке басы анықталды, алтауының кім екені анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін тиісті сараптамалар жүргізіледі.
Электр энергиясының болмауы, тау-кен қазбаларының ұзындығы, көп бұзылған механизмнің болуы іздеу жұмыстарын қиындатты. Су басқан жекелеген кен орындарында жұмыс істеу қиын болды", - деді Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында.
Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек