- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыдағы шахтада қаза...
Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар саны 45-ке жетті
Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар саны 45-ке жетті️, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 қазан сағат 20:00-дегі жағдай бойынша, Костенко атындағы шахтада 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.
Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізіліп жатыр. Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталып жатыр.
Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.
Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:
- шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;
- металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері
- желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.
Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.
Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова