- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандыдағы шахтада қаза...
Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар саны 42 адам болды
Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар саны 42 адам болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Апатты жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы, Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов шахтаға түсті. Өрт және кеншілердің қаза болған жерлерін тексеріп шықты.
Апатты жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіріп жатыр. Ең қауіпсіз және кеншілер болуы мүмкін ықтимал учаскелер бойынша тау-кен құтқарушыларының өту жолдары пысықталып, іздестіру жұмыстары шамамен бір-бірінен 4 шақырым қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінің ауданында жүргізіліп жатыр.
"Тау-кен құтқарушылары қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының 55 тау-кен құтқарушысы және 15 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 42 адамның денесі табылды, 4 кенші іздестіріліп жатыр.
Шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін 21 адам және 7 бірлік жедел медициналық жәрдем техникасы жұмылдырылды. Бұдан басқа, ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖД-да республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан