- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Костенко шахтасындағы жарылыс:...
Костенко шахтасындағы жарылыс: екі пациент жақын арада шығарылады
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Қазір екі науқас ауруханадан шығуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"Костенко атындағы шахтада зардап шеккен кеншілер емдеуді жалғастырып жатыр, мамандандырылған медициналық топтар олардың жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Екі пациент жақын арада шығарылады", - деп хабарлады ведомство.
Қарағанды облысының стационарларында қазір 24 пациент ем алып жатыр, зардап шеккендердің гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты.
Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикология бөлімінде газдан уланған, жеңіл және орташа ауырлықтағы 20 пациент бар, олар детоксикация терапиясын және симптоматикалық ем алады.
Бір пациент политравмамен жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде. Тағы бір зардап шеккен адамға пневмоторакс диагнозы қойылған, ол травматология бөлімінде, жағдайы орташа ауыр.
Екі кенші "Шахтинск қаласының орталық ауруханасы" КМК терапия бөлімінде ем алып жатыр. Олар газдан уланған, жағдайы орташа ауыр.
Қабылдау-диагностикалық деңгейде зардап шеккендер тексеріліп, амбулаториялық емге жіберілді. Барлық науқасқа қажет диагностикалық тексеріс жүргізілді, медициналық көмек көрсету үшін барлық бейінді қызметтер тартылды, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық мамандары - Травматология және ортопедия ғылыми орталығы, Нейрохирургия ғылыми орталығы консультациялар өткізді, сондай-ақ, облыстық штаттан тыс мамандар тартылды.
Оқиға орнында психологиялық көмек көрсету мақсатында 16 психолог жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан