- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ағам тірі…" Костенко...
"Ағам тірі…" Костенко шахтасындағы апатта жоғалған кеншінің жақыны сұхбат берді
Қарағандыдағы Костенко шахтасында болған өртте жоғалған жандардың туыстары Massaget.kz тілшісіне сұхбат берді.
Бекзат Сәлем 3 жылдан бері осы шахтада жұмыс істейді. Ал ағасы - 20 жылдан аса еңбек өтілі бар кенші. Ол 4-ауысыммен бірге жұмысқа аттанған. Алайда жұмыс басталып, 20 минуттан кейін жарылыс болған. Бекзат ағасының тірі екеніне әлі де үмітті.
"Ағам ВТБ учаскесінде жұмыс жасайды. Тәжірбиелі кенші. Алайда қазір еш хабар бермей отыр. Ағамның тірі екеніне сенімдімін" - деді көзінде үміт жасы бар Бекзат Сәлем.
Оқиға орынына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, кеншілердің жақындарына көңіл айтты. Бұл кездесу жақынынан айырылған жандардың көңіліне демеу бола алмады.
"Не айтады? "Көмектесеміз, қолдаймыз, АрселорМиттал Теміртаудан билікті аламыз" деді басқа не айтады. Президент келді деп кеншілер тіріліп келмейді ғой" - деді Президентпен кездескен кеншілердің жақындары.
Бұдан басқа, жақындарының айтуынша, қазір жер астынан шығарылған мәйітті тану жұмыстары жүріп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек