- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды шахтасындағы апат:...
Қарағанды шахтасындағы апат: 25 кеншінің денесі табылды
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 25-ке жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
252 адамның 205-і жер астынан шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. 21 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Апат орнында КӘАҚҚ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Штаб жұмыс істеп тұр.
ТЖМ мәліметінше, сағат 15:00 жағдай бойынша 28 адамның денесі табылды, 18 кеншіні іздеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Бас Прокуратура Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке қатысты соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Енді "АрселорМитталТеміртау" Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
С. Бөлек"Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.
Сондай-ақ, Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.