Тоқаев "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды
![Тоқаев "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды](/userdata/news/news_93356/image_l.jpg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек