Қарағанды ​​облысындағы шахтада жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қарағанды ​​облысындағы шахтада жарылыс болды: 7 адам қаза тапты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Апат кезінде Костенко шахтасында 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

"7 кеншінің мәйіті табылды. Апат орнында КӘАҚҚ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр Штаб құрылды. Қарағанды ​​облысының әкімі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры, бас прокурордың бірінші орынбасары, прокурор, Қарағанды ​​облысының арнайы құқық қорғау органдары Костенко атындағы шахтада. Болжам бойынша, лавада газ метан жарылған", - делінген хабарламада.

Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70. сенім телефондары мен ақпараттық-психологиялық қолдау жұмыс істейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек