- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 28 қазанда елдің...
28 қазанда елдің бірнеше өңірінде жауын-шашын мол түсіп, қар аралас жаңбыр жауады
Синоптиктер 28 қазанда елдің бірнеше өңірінде жауын-шашын мол түсіп, қар аралас жаңбыр жауатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с.
Ақтөбе облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік жартысында тұман күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: 28 қазанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі.
Алматыда кей уақытта тұман күтіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан