- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте газдан бір...
Шымкентте газдан бір отбасының бес адамы уланып мерт болды
Шымкентте газдан бес адам уланып мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылы 27 қазанда сағат 12:10 шамасында "102" қызметінен Абай ауданы Ынтымақ шағын ауданы Орда көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде табиғи газдан уланып мерт болған бес адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен.
Құтқарушылар сағат 12:25-те оқиға орнына жеткенде үйдің дәлізінде орналасқан газ қондырғысының жанып жатқанын анықтаған, сонымен қатар үйде табиғи газдың иісі шыққан.
"104" қызметінің мәліметінше, бұл аудан толығымен газдандырылған. Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің сегіз қызметкері мен төрт бірлік техникасы жұмыс істеген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан