Франция президенті Қазақстанға келеді

Франция президенті Қазақстанға келеді
Фото: Тұрар Қазанғапов

1 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Ал 2 қарашада Астана қаласына Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапар жасайды. Сапар барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстанның сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығын одан әрі кеңейтуге қатысты келісөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.

3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті өтеді. Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер- Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ, ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер - Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова