Абай облысындағы 4 баланың өлімі: Бас прокуратура пікір білдірді

Абай облысындағы 4 баланың өлімі: Бас прокуратура пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Аягөз қаласында өрт салдарынан көз жұмған 4 баланың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өрттің не себепті болғанын бәрі анықталады. Бүгінде тергеу амалдары басталды. Қазір сізге өрттің қалай болған айта алмаймын", - деді Әсет Шындалиев Сенат кулуарында.

Айта кетейік, кеше Абай облысы Аягөз қаласында жер үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан 4 бала қаза тапқан еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина