- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тырнағыңыздағы бұл өзгеріс...
Тырнағыңыздағы бұл өзгеріс қант диабеті туралы ескертуі мүмкін
Қант диабетінің белгілері әртүрлі болады, бірақ бұл аурудың тырнаққа да өз әсері барын көп адам біле бермейді. Сарапшылар ең алдымен қандай белгіге назар аудару керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, тырнақтардағы кез келген өзгеріске мұқият назар аудару қажет. Сонымен қатар, егер тырнақтар ақ, сарғыш немесе жасыл түске ие болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Оған қоса тырнағыңыздың ұшы қалың болса, бұл да ауруды ескертуі мүмкін, ол біртіндеп бүкіл пластинаға таралады. Тырнақтардың сынғыштығын да дабыл деп қабылдағаныңыз абзал.
Бұл аурудың белгілері оның формасы мен ауырлығына байланысты. Бірінші типтегі қант диабеті тез дамып, көбінесе жас адамдарда асқынулар тудырады, әдетте аурудың бұл түрімен 30 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер ауырады. Ал аурудың екінші типі ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі көрсетпеуі мүмкін, ол семіздікпен ауыратын егде жастағы адамдарға тән. Көбінесе патологияны тек арнайы зерттеулердің көмегімен анықтауға болады.
Қант диабетінің жиі кездесетін белгілері:
- үнемі аштық сезімі;
- энергия жетіспеушілігі;
- шаршау;
- шамадан тыс шөлдеу, көп мөлшерде су ішу;
- жиі зәр шығару және оны жіберіп қою;
- таза емес, бұлыңғыр көру;
- ауырсыну, шаншу;
- қол немесе аяқтардың ұюы;
- тәбеттің жақсы болуы, әжеттегіден көп тамақ жеу;
- ауыздың шырышты қабығының құрғауы;
- өнімділіктің төмендеуі.
Қант диабетінің себептері
Қант диабеті ұйқы безінің жұмысының бұзылуынан немесе жасушалардың реттелуінің бұзылуынан пайда болады. Қант диабетімен ауыратын адамда инсулиннің жеткілікті түзілуі қандағы қант мөлшерінің төмендеуіне ықпал етпейді. Дәрігерлер аурудың қауіп факторларына семіздік, ұйқы безінің патологиясы, төмен физикалық белсенділік, тұқым қуалаушылық және басқа жағдайларды жатқызады.
Фото: wirestock/Freepik
Ықтимал себептері мен қауіп факторлары:
- Аутоиммунды ауру мен ұйқы безі патологиясы дамуына ықпал ететін генетикалық бұзылулар. Ал қант диабетімен ауыратын туыстарының болуы маңызды қауіп факторы болып табылады;
- Семіздік. Май тінінің артық көлемі зат алмасу жұмысынң бұзылуына ықпал етіп, тіндердің инсулинге сезімталдығы азаяды;
- Ұйқы безі тіндерінің зақымдалуымен сипатталатын иммунитеттің бұзылуы;
- Вирустық инфекциялар және токсиндердің ұйқы безіне әсері;
- Қант диабетінің дамуына ықпал ететін кортикостероидтар мен басқа да дәрілік заттарды қабылдау;
- Бүйрек үсті безінің функциясының бұзылуы;
- Жүрек-қан тамырлары патологиясы.
Қант диабеті сирек туа біткен ауру болғанымен, тұқым қуалайтын факторлар кез келген жаста бұл аурудың тез дамуына себеп болады.
Айта кетейік, бұған дейін қант диабетімен күресуге көмектесетін тағамдар тізімі хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Баланың тұсауын неге ала жіппен кеседі?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә