"Шенеуніктер психтарды пайдаланады". Бақытжан Базарбек баласының бесікарбасын өртеген адамға қатысты тың дерек айтты

"Шенеуніктер психтарды пайдаланады". Бақытжан Базарбек баласының бесікарбасын өртеген адамға қатысты тың дерек айтты
Фото: Polisia.kz

Депутат Бақытжан Базарбек баласының бесікарбасын өртеген күдікті психдиспансерде есепте тұрған адам екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Massaget TV YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, бұл жағдайды алғаш көршілері жеткізген. Ал кейін жұбайы құзырлы органдарға арыз жазған.

"Кездейсоқ оқиға емес. Арызды жолдасым жазды. Себебі мен Парламентте едім. Маған жылап, телефон соқты. Алматыда, кәдімгі 5 этажды жай қарапайым партия қызметкерлері үшін берілген үйде, 1-қабатта тұрамыз. Екі балам бар, үлкені жетіде, кішісі екі жарымда. Сол күні жолдасым бала-шағаммен (еді - еск.), көршілер жүгіріп келіп, "арбаңыз жанып жатыр" дейді. Жолдасым су шашып, сөндірді. Дірілдеп, қалтырап, "міне, сенің жұмысыңның кесірі. Ертең бізді өртеп кетсе не істейсің?" деді. Содан кейін тергеушілер келіп, арызды алып кеткен. 3-4 күннен кейін тергеушілер "адамды ұстадық" (күдікті - еск.) деп хабар берді. Дүйсенбі күні Алматыға ұшып бардым. Тергеушілермен кездесіп, камераны қарадым. Қызығы - тергеушілер камерадағы видеоны бергісі жоқ", - дейді ол.

Бақытжан Базарбек күдікті 12 жылдан бері арнайы психдиспансерде тіркелген адам екенін айтты.

"Күдіктіні көрдім. Фамилиясы бар менде. 2011 жылдан психдиспансерде тіркелген. Ашықтан ашық көрініп тұр ғой. Арнайы психтарды сол үшін ұстайды. Kaspi картасы бар, іс-әрекетіне жауап беріп отыр. Тек Каблуковта, психдиспансерде тіркеуде. Олигархтар, кейбір шенеуніктерге пайдалы. Сондай адамдарды пайдаланады. "Көтермейтін мәселені көтеріп жатыр ғой, психты жібереміз. Анау біздің жерімізді тексеріп жатыр ғой, психты жібереміз" (дейді - еск.). Псих барады да басында колясканы жағып жібереді. Ал қылмыстық іс қозғағаннан кейін психиатриялық сараптаманың нәтижесінде "қылмыс жасаған кезде өзінің іс-әрекетін түсінбеді" деп жазады. Себебі тергеу материалын оқып қарадым, былай деп жазып отыр: "колясканы көрдім де, жағып жібердім". Камераны қараса, квартирамызға қарап тұр, кейін шығып кетіп, қайтып кірді. Бума қағазды жинап, астына салып, әдемілеп жағып кетіп жатыр. Видеоны көрсетті. Қасақана қағазды өртеген. Ең сорақысы - ақыл-есі кем. Ақыл-есі кем болғаннан кейін жауапкершілікке тартылмайды, емдеуге жібере салады. Ең бастысы маған сигнал жасалды. Тағы да олигархтар, шенеунік, әкімдердің үстінен тексерсем, ертең үйімді жағып жібереді. Әрине, бар (қауіп - еск.). Бар болғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына ашық айттық. Маған, отбасы мүшелеріме бірнәрсе болып қалса, қандай елде тұрып жатқанымызды халық біліп отырады", - дейді депутат.

Еске салайық, бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек белгісіз біреулер отбасына қоқан-лоқы көрсетіп жүргенін, пәтерінің есігінің алдында тұрған бесік арбаны өртеп кеткенін айтқан еді. Кейінірек бесікарбасын өртеп кеткен күдікті ұсталды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова