Тоқаев Республика күніне орай бірнеше адамды марапаттады

Тоқаев Республика күніне орай бірнеше адамды марапаттады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай бірнеше адамды марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығы:

1. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз мемлекет және қоғам қайраткері Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлына тапсырылсын; 2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Семей қаласы, «№7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицей» КММ мұғалімі Шүкежанова Алма Сайдахметқызына тапсырылсын; 3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Қызылорда облысы, «Таң ЛТД» ЖШС директоры Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлына тапсырылсын.

Жалпы биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берілді Атап айтқанда, марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар. Бұл – қарапайым еңбеккерлердің мәртебесін асыруға, қоғамдағы қадірін арттыруға бағытталған нақты қадам.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығы «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Эрлан Ғаділетұлы Батырбековке; 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының бірінші орныбасары Виктор Владимирович Баклановқа; 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Владимир Анатольевич Витюкке; 4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас инженерінің орынбасары Денис Борисович Зарваға; 5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Ерболат Тайтөлеуұлы Қоянбаевқа; 6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас ғылыми қызметкері Мәжін Қанапияұлы Сқақовқа; 7. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының бас ғылыми қызметкері Ирина Лашкаровна Тәжібаеваға; 8. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің басшысы Бауыржан Жамбылұлы Шектібаевқа берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан