- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дәретханада білінеді". Өлімге...
"Дәретханада білінеді". Өлімге әкелетін қатерлі ісіктің 3 белгісі
Ұйқы безінің қатерлі ісігінің белгілерін ішектің жұмысы арқылы тануға болады. Дәрігерлер дәретханада көрінуі мүмкін негізгі белгілерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұйқы безінің қатерлі ісігі - бұл безді жасушалар мен ішкі ағзаның түтіктеріне әсер ететін қатерлі ісік.
Адам ұйқы безінің қатерлі ісігімен шалдықса, оның ауруды жеңіп, аман қалуының ықтималдылығы өте төмен. Бұл өлімге әкелетін қатерлі ісіктің әдетте ерте сатысында белгілері байқалмайды.
Дәрігерлер назар аудару керек 3 өзгерісті атады:
- тұрақты түрде іштің қатуы;
- тұрақты түрде диарея;
- стеаторея - жағымсыз иісі бар бозғылт майлы нәжіс.
Мамандардың айтуынша, ұйқы безінің қатерлі ісігінің белгілерін тану қиын, бірақ ішек қозғалысының өзгеруі көбінесе аурудың алғашқы белгісі бола алады. Егер симптом 3-4 апта бойы кетпей, өзгеріссіз қалса, дабыл қағып, дәрігерге бару керек.
Қатерлі ісіктің негізгі белгілері:
- сарғаю;
- Курвуазье синдромы;
- ішек өтімсіздігі;
- ас қорыту жолдарының функциясының бұзылуы;
- қатерлі ісікпен улану;
- тәбеттің төмендеуі, дене салмағының азаюы;
- шаршау, әлсіздік;
- терінің қышуы;
- жоғары дене температурасы.
Ұйқы безінің қатерлі ісігінің алғашқы белгілері әлсіз болады және тамақтанудың бұзылуына ұқсас болуы мүмкін. Жиі сұйық нәжіс байқалады, іштің жоғарғы бөлігінде ауырлық сезіледі, науқас үнемі шөлдеп жүреді (қант диабетіне тән белгі). Ісіктің өсуімен, көрші ағзалар онкопроцесске қатысады, бұл олардың зақымдануына сәйкес белгілермен бірге жүреді:
- бауыр - терінің, шырышты қабаттың және көздің ағының сарғаюы;
- он екі елі ішек - ішектің ісікпен қысылуына байланысты құсу және жүрек айну, асқазанның толып кету сезімі, кекіру;
- қанның ұю жүйесі - веноздық және артериялық тромбоэмболияның дамуы.
Ал егер сіз құсып, оның түсі қара болса, оған қоса қара нәжістің пайда болуы ішектен қан кетудің дамуымен неоплазманың ыдырау процесін көрсетеді. Ас қорыту ферменттерінің өндірісінің бұзылуына байланысты нәжістің иісі жағымсыз болады, бұл қоректік заттардың ыдырауындағы қиындықтарға байланысты.
Айта кетейік, бұған дейін қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау үшін тапсыру керек 4 медициналық талдаудың тізімі жарияланған еді.
Қатерлі ісіктің алдын алу үшін тапсыру керек талдауға:
- простатикалық спецификалық антиген (PSA);
- жатыр мойны обырының даму қаупін анықтауға арналған скрининг. Ол үшін ПАП-тест және HPV-тест керек;
- нәжісті жасырын қанға талдау;
- сүт безі қатерлі ісігіне генетикалық бейімділікті анықтау жатады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Баланың тұсауын неге ала жіппен кеседі?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә