Ер адамдағы шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады?

Ер адамдағы шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады?
Фото: Freepik.com

Кейбір ер адамдар шаштың көп түсуінен қиналады. Кейбіреулер мұндай ауруды оңай қабылдап, бәрін физиология мен тұқым қуалаушылыққа жатқызады, ал басқалары шаштың тығыздығын мүмкіндігінше ұзақ сақтауға тырысып, трихолог ұсынған барлық шараны қолданады. Бір қызығы, шаштың түсуі әрқашан тұқым қуалаушылықпен байланысты емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шаштың түсуінің себептері

Алопецияның ең көп тараған себебі - гормоналды фонның бұзылуы. Шаштың шамадан тыс түсуі көп жағдайда шаш фолликулаларының тестостеронға сезімталдығының жоғарылауына байланысты. Шаштың бұл түрі андрогендік алопеция деп аталады.

Сонымен қатар, шаштың түсуі уақытша болуы мүмкін (телогендік алопеция) және көбінесе денеде темір немесе мырыш, А және Е дәрумендері сияқты кейбір элементтердің жетіспеушілігімен байланысты.

Фото: Istockphoto.com

Шаштың түсуіне себеп болуы мүмкін:

  • жиі және эмоционалды стресс;
  • дұрыс тамақтанбау;
  • тұқым қуалайтын бейімділік;
  • кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау, мысалы, ісікке қарсы препарат - цитостатиктер;
  • жұқпалы, саңырауқұлақ, эндокриндік, метаболикалық, аутоиммунды және онкологиялық аурулар.

50 жастан кейін алопеция қан айналымының нашарлауына байланысты пайда болады. Шаш шамдары жеткілікті оттегімен қамтамасыз етілмей, шаш жұқарып, соңында түсе бастайды.

Алдын алу және емдеу

Шаштың түсу процесін тоқтату және шаштың өсуін қалпына келтіру үшін трихологпен кеңесу керек. Ең алдымен, шаштың түсу себебін анықтап, шаш фолликулаларының жағдайын бағалау қажет. Ол үшін ер адамға қан анализі және трихограмма қажет.

Жағдайды түзету үшін дәрілік терапия: дәрумен, микроэлемент, қан айналымын қалыпқа келтіретін дәрі, емдік сусабын, сарысу, маска мен бальзамдар қолданылады.

Емдеудің негізгі нұсқасы ретінде мезотерапия немесе лазерлік емдеу қолданылуы мүмкін. Консервативті терапия тиімсіз болған кезде, сондай-ақ алопецияның тым асқынған кезеңінде таздықты жеңуге тек шашты трансплантациялау көмектеседі.

Айта кетейік, бұған дейін босанғаннан кейінгі шаштың түсуін қалай тоқтатуға болатыны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Банкоматты кім ойлап тапқан?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә