Күзгі каникулда оқушылар неше күн демалады?

Күзгі каникулда оқушылар неше күн демалады?
Фото: Tengrinews.kz

Оқу-ағарту министрлігі оқушылар күзгі каникулда неше күн демалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еліміздегі мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын.

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда оқушылар 7 күн демалады: 30 қазаннан 5 қарашаға дейін.

Министрлік оқушылардың күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында төмендегі іс-шаралар жоспарын ұсынады:

Жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

"Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;

"Отбасылық дәстүрлер" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, "Педагог-бала-ата-ана" бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;

Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай "Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу" тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;

Оқушылар арасында "Өнегелі өмір" тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;

Оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп "Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;
"Әкеге ізет, анаға құрмет" тақырыбында "Жас ақындар айтысы" байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді.

Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина