Маңғыстау облысында жасөспірім қоғамдық көлік аялдамасының әйнек есігін сындырып, ал мұны досы видеоға түсіріп алған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inaktau.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға қараңғы түскенде болады. Кадрда жасөспірімнің жүгіріп келіп, әйнек есікті тепкенін, кейін оның сынғанын көруге болады. Әйнекті сындырған жігіттер қашып кетеді.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның Мұнайлы ауданындағы аялдамалардың бірінде болғанын хабарлады. Қазір полиция жасөспірімді іздестіріп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!