- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұрынғы Әділет министрі...
Бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды
Антикоррупциялық қызмет бұрынғы Әділет министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан