- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Боранбаев түрмеден...
Қайрат Боранбаев түрмеден босатылады: оның жазасы өзгертілді
Сот Боранбаевтың арызын қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:
- сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;
- мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;
- қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.
Еске сала кетейік, наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған. Ал қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарған еді.
16 қазанда сотталған Қайрат Боранбаевтың Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді мемлекет меншігіне тапсырғаны белгілі болды. Аумағы бес мың шаршы метрден асатын қонақ үй кешенінің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгеден асады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан