- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қыз жігітпен...
Алматыда қыз жігітпен алғашқы кездесуде қайтыс болды
Алматыда қыз жігітпен алғашқы кездесуде қайтыс болды. Журналист Сандуғаш Дүйсенова қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, оқиға 16 қазанда кешке болған.
"Алматы кафесінің біріндегі жігітпен таныстық ол үшін өмірінің соңғы күні болады деп кім ойлаған? Алдымен олар тыныш сөйлесіп отырған, бірақ кейінірек ер адам өз әрекеттерін бақылай алмаған. Алғашында қыз оны тыныштандыруға тырысқан, бірақ кейін 102 нөміріне қоңырау шалыпты.
Кафедегілер ер адам оны сыртқа шығарып алғанын көрген, бірақ ешкім араласпаған. Қазір көшеде не болғанын нақты ешкім білмейді, бірақ 20 минуттан кейін бұған дейін шақырылған полиция қызметкерлері қызды өлі тапқан. Қыз жұмысбасты болған. Ол фармацевтикалық компанияның директоры лауазымына дейін өскен, ал өзі үшін өмір сүретін уақыт келгенде, оның өмірі осылай аяқталды", - деп жазды Дүйсенова әлеуметтік желіде.
Алматы Полиция департаменті өкілі бұл дерекке қатысты Түрксіб ауданының полицейлері Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Осы қылмысты жасады деген күдікті - 1991 жылы туған Т. ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс шеңберінде тергеудің жан-жақтылығы және толықтығы қағидаттары қатаң сақталып, тергеу жүргізіледі. Сараптамалар тағайындалды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова