- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ерсі көрінеді". Абай...
"Ерсі көрінеді". Абай Бегейдің құдалықта әйелімен төсекте "аунаған" видеосы көпшілікті таңғалдырды
Әнші Абай Бегей ұлы мен келінің құдалығында түсірілген видео жұртты таңғалдарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан құда мен құдағиға қыз жақ көрпе әкелгенін, оған Абай Бегей мен әйелін жатқызып, кейін аунатып, сосын үстіне көрпе жабады. Бұған әншінің өзі де таңғалып, "Бұндай да бар екен ғой" дейді.
"Басқа қаладан қыз алғанның өз қызықтары бар екен,Маңғыстауда жоқ салттарды көріп қызықтап жүрміз, Барынша екі жаққа ортақ қылып жасадық. Төрт күн қатарына көріп ,құдалармен туысқандығымызға бүгін печать қойылып жатыр, Шымкент Алматы арасында алтын көпір салынды, тек осындай жақсы күндерде жолығайық. Құда құдағайымызға риза болдық, неше күннен бері түрлі сый сияпат , бриллиант ,шапандарын жаудырып жатыр", - деп жазды Абай Бегейдің қызы.
Бұл видеоға Желі қолданушылары "Шымкенттің осы дәстүрі біртүрлі иә?", "Маңғыстауда жоқ салт, біртүрлі екен, бірақ әр жақтың салты басқа деген, қыз алып отырған соң бәріне көнуге тура келеді-ау", "Қуып кеткен салт екен", "Жалпы ерсі көрінеді", "Абай мырза не деген ақкөңіл, балаларының бақытты болуы үшін жанын беруге дайын" деп пікір жазып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін әнші Абай Бегейдің ұлы Жалғас үйленгенін жазған едік. Ұлының марқұм анасына жазған хаты тойға жиылғандарды жылатты.
Ол сонымен бірге әкесінің қазіргі әйелі туралы айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан