Болашақта ковидпен ауыруыңыз мүмкін екенін ескертетін таңертеңгі қауіпті белгі

Бұрын коронавируспен ауырған болсаңыз, ағзаңызда қалған инфекция ұзақ уақыт бойы түрлі белгі көрсетеді. Кейде адамдар бұл белгілерді қарапайым шаршау мен стресс деп санап, мән бермей қалады. Бірақ мұндай кішкентай белгілер кейін асқынып кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Коронавирус өзін қызба, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрыннан су ағу, кейбір адамдарда иіс сезу қабілетінің жоғалуы секілді белгілермен көрсетеді. Әдетте адам бірнеше апта ауырып, кейін барлық белгі кеткендіктен, ауру артта қалған сияқты көрінеді. Күш қайта оралып, көңіл-күй жақсарады, тәбет пайда болады.

Бірақ біраз күннен кейін жағдайыңыз қайта нашарлайды. Бірақ, мұны коронавируспен байланыстыру оңай  емес, себебі "ковидтің" белгілері 3-4 айдан кейін, тіпті бір жылдан кейін пайда болуы мүмкін.

Сонымен ағзаңызда бұл аурудың әлі бар екеніне айқын белгінің бірі - таңертең бас айналу.

Ұлттық неврологиялық бұзылу және инсульт институтының мамандары мәліметінше, адам өзін қазір есінен танып қалатындай сезінуі мүмкін. Осылайша "ковид құйрығы" өзін таңертең төсектен тұрғанда қатты бас айналу арқылы көрсетеді. Ол әлсіздік және көз алдындағы тұманмен бірге жүреді.

Мұның себебі, инфекциядан кейін адам ағзасында постуральды ортостатикалық тахикардияны (PoTS) дамуы мүмкін. Бұл синдром жүрек соғу жиілігінің жоғарылауымен бірге жүреді, яғни жүрек соғу жиілігі көлденең позициядан тік күйге ауысқанда бірнеше секунд ішінде жеделдетіледі.

PoTS инфекциясы дамуының негізгі себебінің бірі. Мысалы, инфекциялық мононуклеоз, коронавирус, жедел ішек инфекциясы, ЖРВИ. Сондай-ақ, бұл синдром мидың шайқалуынан, қатты стресстен, әртүрлі созылмалы аурудан, жүктіліктен кейін дамиды. Кейбір адам аритмия немесе жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегу ықтималдылығы бар.

Ғалымдардың тұжырымына сәйкес, постуральды ортостатикалық тахикардия 17 мен 78 жас аралығындағы кез келген жаста дамуы мүмкін. Белгі коронавирусты жұқтырған адамдарда жиі байқалады. Орташа алғанда, адам жағдайының нашарлауы инфекциядан кейін 8 айдан кейін пайда болды.

Көзіңіздегі тұман мен бас айналуды бірінші рет байқап тұрмаған болсаңыз, дәрігерге тексерілу қажет. Әдетте дәрігер жүрек ультрадыбыстық УДЗ, ЭКГ, невропатолог пен кардиологқа терсеріс тағайындайды. Адамның қандай ем қабылдайтыны нәтижеге байланысты, кейбір жағдайда науқасқа қауіпті асқынудың алдын алу үшін дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Айта кетейік, бұған дейін сізде «ұзақ ковид» екенін қалай анықтауға болатыны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Сағаттық белдеулер неге байланысты пайда болған?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!