"Өмірімде дәл осылай қуанып көрмедім". Айым Сейтметованың күйеуі 5 баласы бар қызметкеріне баспана сыйлады

"Өмірімде дәл осылай қуанып көрмедім". Айым Сейтметованың күйеуі 5 баласы бар қызметкеріне баспана сыйлады
Фото: Видео кадры

Танымал блогер әрі актриса Айым Сейтметованың күйеуі кәсіпкер Талғат Итаев қызметкеріне пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығын кәсіпкер Instagram-парақшасында бөлісті. Ол Asarume қайырымдылық қорымен бірігіп, көлік оңдау орталығында тазалықшы болып жұмыс істейтін бес баланың анасына пәтер сыйлады. 

"Талғат бауырымыз өз қызметкері туралы айтып берді, біз осы әйелге бірлесіп үй сыйлауды жөн көрдік. Бұл - бұрын-соңды болмаған жағдай, елестетіп көріңізші, өмірін өзгертуге бастығы себепкер болды. Сіз де осылай қызметкерлеріңізді ынталандыруыңыз керек", - делінген видеоның сипаттамасында. 

Талғат Итаевтың айтуынша, Құндыз (қызметкердің есімі - еск.) 1 жыл бойы жұмыс істеп келеді, алайда басшылық тарапынан бірде бір ескерту алмаған. Оның бес баласы бар, олардың екеуінің денсаулығы нашар. 

"Көп-көп рақмет, өмірімде дәл осылай қуанып көрмедім", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от asar-ume (@asarume_kz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек