- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құлаққаптан құлағыңыз естімей...
Құлаққаптан құлағыңыз естімей қалуы мүмкін бе?
Көпшілік естудің нашарлауы қартаюдың қалыпты белгісі деп санайды. Бірақ негізінде есту нашарламау керек, жастық шақтан бастап бұл бұзылыстың алдын алу қажет. Қазір барлық адам дерлік құлаққап қолданады. Құлаққапты жиі қолданғаннан құлағыңыз естімей қалуы мүмкін бе?
Проблема құлаққапта емес, жалпы қатты қарқынды дыбыстар адамның естімей қалуына әкеле алады. Егер құлаққаппен музыканың дауысын барынша ашып қойып, ұзақ және жиі тыңдайтын болсаңыз, бұл есту қабілетіңіздің нашарлауына, соның салдарынан құлағыңыздың мүлдем естімей қалуына әкелуі мүмкін.
Құлақ жарғағы дыбыс толқындарын жинайды және оларды құлақ пердесіне жібереді: ол дыбыстан дірілдейді. Ол тербелісті ортаңғы құлақтағы ұсақ сүйектерге, ал олар сопақша терезеге жібереді. Ішкі құлақта ерекше сенсорлық жасушалар бар, олар "түктер" арқылы осы қозғалысты қағып алып, ми анализ жасайтын электрлік импульстерге түрлендіреді.
Қытты дыбыстар осы жасушаларға артық күш түсіреді. Сондықтан, мысалы, концерттен соң адамның құлағында шу болуы мүмкін. Бұл шу біраз уақыттан соң кетеді. Ұзақ немесе қатты әсер жасушаларды қайта қалпына келмейтіндей етіп зақымдауы мүмкін, сондықтан кереңдік дамиды.
Құлаққаптан есту қабілеті нашарламас үшін не істеу керек?
Ол үшін мына қарапайым ережелерді сақтау жеткілікті:
- Дыбыс қаттылығы 60%-дан төмен болуы керек;
- Әдетте адамдар айналасындағы шу кедергі келтіргендіктен, музыканың дауысын одан сайын ашады. Сондықтан шуды басатын құлаққап сатып алыңыз. Яғни, сіз құлаққап кигенде сізге айналадағы дыбыстар естілмеуі керек. Сол кезде музыканы бар даусымен тыңдаймайсыз.
- Құлаққаптағы музыканың дауысы тым жоғары екенін ескертіп отыратын қосымша жазып алыңыз.
- Қауіпсіз тыңдау функциясы бар құлаққап және смартфон қолданыңыз. Олар дыбыс қаттылығының деңгейін өлшейді немесе оны шектеп отырады. Мысалы, балаларға арналған көпшілік құлаққапта дыбысты 70–85 дБ-ден артық қою мүмкін емес. Балалардың есту қабілеті әлі де толықтай қалыптасып біткен жоқ, сондықтан олар бірдеңе дұрыс емес екенін байқамауы да мүмкін. Сол үшін оларға өздігінен дауысты барынша ашуға мүмкіндік болмағаны жақсы.
- Қатты дыбыстарды барынша аз тыңдауға тырысыңыз.
Есту қабілеті нашарлауының бір белгісіне шулы жерде дауыстарды естисіз, бірақ сөздерді түсіне алмау жатады. Сондай-ақ құлақта шудың пайда болуы - дәрігерге қаралуға себеп.
Оқи отырыңыз: Тіс жұлғаннан кейін құлақ неге ауырады?
А. Жапатова