Қазақстанда ішімдік пен темекі тағы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда ішімдік пен темекі тағы қымбаттауы мүмкін
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда проблемалық қарыз алушылардың кешірілген берешегіне салық салынбауы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев айтты. Сонымен қатар, Қазақстанда ішімдік пен темекі тағы қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы таныстырылды.

"Құжат аясында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту көзделіп отыр. Ол үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдар, коллекторлық агенттіктер кешірген кезде қалыптасатын кірістері салық салудан босатылады. Бүгінде барлығымызды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің бірі халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдар, коллекторлық агенттіктер кешірген кезде қалыптасатын кірістерді салық салудан босату көзделеді", - деді депутат.

Сондай-ақ, ол жеке тұлғалардың проблемалық микрокредиттері есептен шығарылуына байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістерін салық салудан уақытша, яғни 3 жылға босату қарастырылатынын мәлімдеді.

Негізгі заң жобасы аясында балаларға Ұлттық қордан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату ұсынылып отыр.

"Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бажды төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оны бір жылға дейін кейінге қалдыра алады. Ол үшін төлеуге мүмкіндігі болмау себептерін көрсете отырып, сотқа талап арыз жазуы қажет. Еуразиялық экономикалық одақ аясында алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру жұмысы аясында сыра қайнату өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін литріне 79 теңгеден 90 теңгеге дейін көтеру жоспарланған", - деді депутат.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz