- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жүгінісовтердің келіні хиджаб...
Жүгінісовтердің келіні хиджаб кие ме? Ағайынды әртістердің анасы жауап берді
Қоғам қайраткері, продюсер, ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова келіндерінің хиджаб киюіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы журналист, пиаршы Назым Жанғазыға берген сұхбатында айтты.
"Кимешек киеді. Үйде киіп жүреді. Үйден шыққан кезде әдемі, заманға сай етіп киіп алады. Олар енді қызыл, көк, түрлі-түрлі киеді. Ақ та, қара да кимейді", - деді ол.
Сонымен бірге ол мешіттегі қыздармен кездескенде олардың хиджабын шештіріп, орнына кимешек кигізгенін айтты.
"Аллаға шүкір, септігім тиді. Қара басымды айтайын, "Қазақ аналары" болып та жетістікке жетіп жатырмыз ғой. "Қазақ аналары" болып ажырасып жатқан жастардың қосылуына септігімізді тигізіп жатырмыз. Мешіттерге шақыру бойынша барып тұрамын. Қанша апаларымызды, қанша жастарымызды кимешекке көшірдік", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан