- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында 3...
Алматы облысында 3 жасар қыздардың зорлануы: министрлік полицияны тексеріп жатыр
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматы облысындағы 3 жасар егіздің зорлануына қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бүгінде 2 адам қамауға алынған.
"Олар - егіздің әжесі мен өгей нағашы атасы. Бүгінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қыздар медициналық мекемеге жатқызылды. Менің білуімше, олардың жағдайы жаман емес. Оларға Балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл барып, жағдайын білді. Тағы сұрақтар бар. Оларды қызметкерлерімізге қойып жатырмыз. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Анықталған кейбір деректер бар. Әзірше бұл жағдайларға түсінік бергім келмейді", - деді Игорь Лепеха Үкіметтің баспасөз орталығында.
Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға Алматы облысы Бақанас ауылында болған. 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлады деген күдікке ілінді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында үш жасар қыздарды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлаған едік. 3 қазанда Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкене қызына ауылдасы сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны айтып жүгінген.
Ал Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында Алматы облысында зорланған балаларға қатысты оқиғаның сұмдық мән-жайын ашты.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz