- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік жайт: Қостанайда...
Жантүршігерлік жайт: Қостанайда ер адам көршісінің итінен сорпа қайнатқан
Қостанайда ер адам көршісінің итінен сорпа қайнатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tobolinfo.kz басылымына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға 29 қыркүйекте Колос саяжайында болды. Өңір тұрғыны Татьяна Катенкар бірнеше ит ұстайды, олардың бірі Кнопа есімді ит болған.
Басылым мәліметінше, 30 қыркүйекте таңертең иелері итті көрмеген. Бірақ жұмысқа кетіп бара жатқанда, қарама-қарсы көршісінің учаскесін қараған. Оларды итті сол жерден көрген. Татьяна жұбайымен бірге учаскеден иттің құйрығы мен аяқтарын, қан іздерін тапқан. Ал аулада қазан тұрған, онда ер адам сорпа қайнатып жатқан.
Учаске иесі Татьянамен телефонмен сөйлескенде, бәрін жоққа шығарған. Алайда осы оқиғадан кейін жасырынып, саяжайға келмепті.
Әйел көргендерінің бәрін видеоға түсіріп, сол күні полицияға қоңырау шалған. Иттің қалдықтары сараптамаға жіберілді.
"29 қыркүйекте саяжайда екі ұрлық болды. Көршімнен қазан ұрланды, онда менің итімді қайнатқан!" - дейді Татьяна Катенкар.
Қостанай облысының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.
"Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді полицейлер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова