- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда жаттығу кезінде...
Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жасөспірім қайтыс болды
Фото:
pixabay
Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 7152.kz басылымына сілтеме жасап.
Жазатайым оқиға дүйсенбіде кешке Жабаев көшесінде, Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болды.
2005 жылғы жасөспірім футболдан жаттығу кезінде жарақат алған. Оның эпигастрий аймағына (іштің жоғарғы бөлігі - еск.) доп тиіп, баспен көгалға құлаған.
Жедел жәрдем станциясына 18:36-да хабарлама түсті, ал 18:40-та дәрігерлер оқиға орнына жеткен.
Жасөспірім көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінде сағат 20:10-да қайтыс болды.
Еске салайық, бұған дейін Астанада футбол қақпасы құлап, бала мерт болғаны хабарланған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова