- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада биіктен құлаған...
Астанада биіктен құлаған тағы бір альпинист көз жұмды
Астанадағы құрылыс алаңында биіктен құлаған үшінші альпинист көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорданың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 1999 жылы туған науқас ауыр жағдайда, көптеген ішкі жарақатпен № 2 көпсалалы қалалық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған.
"Оған барлық көмек көрсетілді. Осы уақыт ішінде науқас ауыр жағдайда болды. Аурухананың медициналық қызметкерлері жүргізген емдеу шараларына қарамастан, науқасты құтқару мүмкін болмады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, зардап шеккен тағы бір адамның жағдайы айтылды.
"Аурухананың жансақтау бөлімінде тағы бір жәбірленуші альпинист бар. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланады", - делінген хабарламада.
Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен аурухана қызметкерлері қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Еске салайық, Астананың құрылыс алаңының бірінде 4 өнеркәсіптік альпинист биіктен құлаған болатын. Оның біреуі оқиға орнында мерт болды.
Кейінірек биіктен құлаған тағы бір альпинист ауруханада қайтыс болғаны хабарланды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Дәретханаға неге телефон алып кіруге болмайды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова