Тері қатерлі ісігін көрсететін ең қауіпті белгі

Тері қатерлі ісігін көрсететін ең қауіпті белгі
Фото: Freepik.com

Француз дәрігері, дерматолог Тьерри Пассерон балауыз тәрізді төмпешіктерге ұқсас терінің тітіркенуі немесе қызыл қабыршақтың пайда болуы терінің қатерлі ісігін көрсетуі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life сілтеме жасап.

"Меланома енді тері қатерлі ісігінен болатын өлімнің негізгі себебі емес", - деді ол.

Дәрігердің мәліметінше, мұндай бөртпелердің пайда болуы бастапқыда зиянсыз болып көрінгенімен, осындай белгі арқылы онкологияның таралып, өлім ықтималдығы жоғарылай түседі.

"Базальды жасушалық карцинома және скамозды жасушалық карцинома сияқты меланома емес тері ісіктері 2020 жылы барлық тері қатерлі ісігінің төрттен үшінен астам бөлігін алып, әлемде 64 000-ға жуық өлімге әкелді", - делінген мақалада.

Еске салайық, бұған дейін дәрігер қызыл етті шамадан тыс тұтыну онкологияға шалдықтыратынын айтқаны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Адам қуанғанда неге жылайды?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә