Жантүршігерлік оқиға: Жетісу облысында түн ортасында жолда отырған адамды көлік қағып кеткен

Жетісу облысында түн ортасында жолда отырған адамды көлік қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалған. 

Оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болды. Алматы - Өскемен тасжолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кетті.

Полицейлер марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін болғанын анықтап жатыр. Бұл дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз