"Үйден шықпаймын, көп жүруге де болмайды". Ерке Есмахан жүктілік кезінде өзін қалай сезініп жүргенін айтты

"Үйден шықпаймын, көп жүруге де болмайды". Ерке Есмахан жүктілік кезінде өзін қалай сезініп жүргенін айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Әнші Ерке Есмахан жүктілік кезінде өзін қалай сезініп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Томпақ Еркеден жалынды сәлем. Қазір менің салмағым 67, 68 болды, бірақ өзімді жақсы сезініп жүрмін. Бүгін қыдыруға шықтық. Таң ата іс-сапардан жолдасым ұшып келген. Сөйтіп қалаға шығып кеттік. Алматыда бүгін жаңбыр жауып, күздің керемет күні болып тұр. Қазір кішігірім шоппинг жасаймыз. Менің қызығым сол, басқа ешқайда бармаймын. Сосын тамақтанамыз. Сосын жүріп-жүріп қайтамыз. Енді босанғанша үйден шықпаймын, ұшуға да болмайды. Көп жүруге де болмайды", - деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін әншілер Ерке Есмахан мен Raim ата-ана болатынын жария еткен еді.

Әнші кейін келіндік қызмет атқарып жүріп оқыс жағдайға тап болғанын айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан