Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады

Ауғанстанға аттанған Қазақстан ТЖМ-нің 45 қызметкері елге оралуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бөлінген учаскедегі іздестіру-құтқару жұмыстарының толық көлемінің аяқталуына байланысты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілген қазақстандық құтқарушылар жасағын қайтару туралы шешім қабылданды.

Ауғанстанда құтқару жұмыстары басталғаннан бері қазақстандық құтқарушылар қаза тапқан 1 баланың денесін алып шықты, 80 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді, Наиброфи елді мекеніндегі 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді.

Сонымен қатар, құтқарушылар қатты шаңды дауылдан қираған шатырлы қаланы тексерді. Жергілікті биліктің өтініші бойынша қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің жедел тобы дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп 9 шатырлы қалашықтың орналасу орындарына тексеру жүргізді.

Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарын қайтару 14 қазанға жоспарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан