- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Басы мен аяғы...
Басы мен аяғы пакетке салынған: пәтерден әйелдің бөлшектелген денесі табылды
Мәскеудегі пәтерлердің бірінен басы мен аяғы жоқ әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, көз жұмған әйелдің басы кесілген, ал денесінің жанында аяғы салынған сөмке, сондай-ақ, ара болған. Зардап шеккен әйел шамамен 30-40 жаста.
"Фабрициус көшесіндегі ғимараттағы пәтердің ваннасынан зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесі табылды. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады РФ Тергеу комитетінің бас штабы басшысының аға көмекшісі Юлия Иванова.
Ол кісі өлтіруге бағытталған қару, құрылыс кесетін құрал да ванна бөлмесінен табылғанын айтты.
Иванова қазір марқұмның да, қылмыскердің де жеке басы анықталып жатқанын айтты. Қазір оқиға орнында тергеушілер мен сот-медициналық сарапшылар жұмыс істеп жатыр. SHOT мәліметінше, бұл бөлме Николай есімді 61 жастағы мәскеулік ер адамға тиесілі. Оның қайда екені және кісі өлтіруге қатысы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек