- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қолына кісен салынған...
"Қолына кісен салынған күйі қашып кеткен". Астанада тұтқын іздестіріліп жатыр
Астанада тұтқын қашып кетті. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде Астанада сотталушы қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарламалардағы мәліметтер әртүрлі.
"Байқоңыр ауданындағы ЕЦ 166/10 мекемесінен 1992 жылы туған сотталушы қолына кісен салынған күйі қашып кетті. Бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы сот отырысы өтіп, жеткізілгеннен кейін ол ЕЦ аумағынан қашып кетті. Жеке құрамға бағыт-бағдар беріп, шекара заставаларында жасақ қойып жатырмыз", - делінген WhatsApp хабарламасында.
Ал TikTok-тағы видео авторы екі қашқын болғанын айтады.
@galymjanovv ♬ Reketir (Remix) [Original Motion Picture Soundtrack] - TM_Colors
Ішкі істер министрлігі тұтқын қашып кеткенін растады.
"Сот қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған адам тергеу изоляторына жеткізілген кезде полиция қызметкерлерінен қашып кеткен. Қазір жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ҚАЖК өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова