Сізде қатерлі ісік бар-жоғын қалай анықтауға болады?

Сізде қатерлі ісік бар-жоғын қалай анықтауға болады?
Фото: © elements.envato.com

Адамдар өзінің қорқынышты диагнозы туралы ауруды емдеу өте қиын немесе мүмкін емес кезде ғана біліп жатады. Қатерлі ісік жасырын пайда болып, байқатпай дамиды. Өзін ауырсынумен де, ерекше белгімен де көрсетпейді. Сіз шаршау, қатты әлсіздік, дене қызуы, салмақтың күрт төмендеуі және тәбеттің болмауы секілді белгілерге мән бермеуіңіз мүмкін, дегенмен бұл дабыл қоңыраулар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адамдар жиі байқай бермейтін қатерлі ісіктің 11 белгісі.

1. Себепсіз салмақ тастау. Онкологиялық аурулардың белгілерінің бірі - тамақтану мен өмір салты өзгермесе де түсініксіз, күрт салмақ салтау. Ісік ағзаның зат алмасуын өзгертетін заттар шығарып, оның калориядан ақуыз мен энергияны сіңіру қабілетін әлсіретеді. Нәтижесінде бұлшықеттер қурап, дене майының мөлшері азаяды, бұл салмақтың күрт төмендеуіне әкеледі. Салмақ жоғалту тоқ ішектің, бауырдың, асқазанның, ұйқы безінің, өңештің немесе өкпенің қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан, егер сіз қысқа уақыт ішінде себепсіз 5 келіден артық салмақ тастасаңыз, міндетті түрде дәрігерге барыңыз.

2. Мең түрінің өзгеруі. Меланома - өлімге әкелетін тері қатерлі ісігі. Егер сіз жаңа меңнің пайда болғанын, сонымен қатар оның көлемі, түсі, қалыңдығы және пішінінің өзгеруін және басқа да жараны байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Себебі, мең қатерлі ісікке айналуы мүмкін.

Сондай-ақ, терінің қараюы, қызаруы, сарғаюы, қышуы, оның сапасы мен түсінің өзгеруі секілді белгілер, терінің қатерлі ісігі немесе ішкі ағзаның онкологиясы болуы ықтимал.

Фото: Depositphotos

3. Тұрақты жөтел мен дауыстың қарлығуы. Кейде қатерлі ісіктер сіздің дауыс сымдарыңызға қысым жасап, нервтерді зақымдауы мүмкін, ал бұл өз кезегінде дауысты өзгертеді. Сондықтан дауыстың қарлығуы бас пен мойын қатерлі ісігінің белгісі. Бірақ егер сіз темекі шегетін болсаңыз, үнемі жөтелу өкпенің қатерлі ісігіне нұсқаулық болуы мүмкін.

Үздіксіз жөтел, тамақ ауруы, дауыстың қарлығуы, сондай-ақ жұтынған кездегі ауырсыну, ас қорыту жүйесінің бұзылуына және қақырықтағы қан ұйығыштарына назар аудару маңызды. 

4. Ісіну. Сіз суық тиген кезде мойныңыздың ісініп, түйіршік пайда болғанын байқаған боларсыз. Бұл лимфа түйіндерінің ұлғаюы, сіздің денеңіз инфекциямен күресіп жатыр. Бірақ қолтық аймағындағы лимфа түйіндері ұлғайып, бірнеше ай бойы кетпесе, бұл сізге ескерту деп қабылдаңыз.

5. Ішек пен қуық жұмысының бұзылуы. Егер сіз дәретханаға әдеттегіден жиі немесе сирек бара бастасаңыз, бұл қуық асты безінің қатерлі ісігінің белгісі. Ал егер үнемі іш қатудан немесе, керісінше, диареядан зардап шегетін болсаңыз, бұл тоқ ішек қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін.

Фото: pixabay.com

6. Белгілі бір дене мүшесінің ұзақ, түсініксіз ауыруы. Өсіп келе жатқан ісік сүйекке, бұлшықетке, тін және нервтерге қысым жасайды, бұл қатты және ұзақ ауырсыну шабуылын тудырады. Егер ауырсыну 3 ай ішінде кетпесе, дәрігерге қаралған жөн. Сүйек ауруы сүйек тініндегі қатерлі ісікті көрсетсе, тұрақты бас ауруы ми ісігінің болуын көрсетуі мүмкін.

7. Қанның өздігінен кетуі. Қатерлі ісік өсу кезінде тамырларды зақымдауы мүмкін, бұл қан кетуге әкеледі. Нәжіс не зәрдегі қан, әйелдерде қынаптан қан кету - мұның бәрі қатерлі ісіктің көрінісі. Сондықтан жөтел кезінде қақырықтағы қан өкпе қатерлі ісігін, ал нәжістегі қан тоқ ішек қатерлі ісігін көрсетуі мүмкін. Ал терінің қанауы меланоманың белгісі.

8. Жазылмайтын жаралар. Егер бірнеше ай бойы кетпеген жараны байқасаңыз, дәрігерге қаралыңыз. Тері қатерлі ісігінің кейбір түрлерінен жара пайда болады. Ал ауыздағы жара ауыз қуысының қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін.

9. Жұтыну кезіндегі мәселелер. Егер қалыпты түрде жұтына алмасаңыз, бұл бас пен мойын қатерлі ісігінің белгісі. Ауыз қуысы, асқазан немесе өңеш қатерлі ісігі тамағыңызды бітеп тастайды, салдарынан ауырсынусыз жұтына алмайсыз.

10. Дене қызуы. Бұл белгі әдетте қатерлі ісік денеңізде толығымен тараған кезде пайда болады. Бірақ ол алғашқы қоңыраудың бірі болады.

Фото: pixabay.com

11. Шаршау және әлсіздік. Бұл қатерлі ісіктің кез келген түріне тән онкологиялық аурудың ең маңызды алғашқы белгілері. Алайда, көпшілік оларды елемей, жүре береді.

Айта кетейік, бұған дейін ыдыс жуу кезінде жіберетін кейбір қателер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін екені хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Шетелге оқуға түсу үшін IELTS қанша балл болу керек?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә