Танымал блогер төртінші рет ана атанды

Танымал блогер төртінші рет ана атанды
Фото: instagram.com/sabirkin_

Sabirkin лақап атымен танылған блогер Сәбира Жарасқызы төртінші рет ана атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы блогер өзінің instagram-дағы парақшасына жазып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

"Қош келдің, Алмасұлы. 8.10.23", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sabira Zharasovna (@sabirkin_)

Желі қолданушылары блогерді ана атануымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

"Бауы берік болсын", "Анасы мен баласына денсаулық тілеймін", "Құттықтаймыз", - деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, бұған дейін блогер Сәбира Жарасқызы өзінің ерте тұрмыс құрғанын және әкесі онымен сөйлеспей қойғаны туралы жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы