- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экономист ақша жинаудың...
Экономист ақша жинаудың ең тиімді әдісін атады
Қаржы сарапшысы Михаил Беляев ақшаны қалай тиімді үнемдеуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
Ол табысы төмен адамдар үшін лезде көп мөлшерде қаражат жинау жолы жоқ екенін атап өтті. Сондықтан, күнделікті қажеттілікке нұқсан келтірместен ақша жинауды қалыптастыру үшін кез келген табыстың 10 пайызын алып қалу керек. Бұл жағдайда қаражат жалақы алғаннан кейін бірден белгілі бір шотқа жиналуы керек.
"Мұны бірден жасау керек, мысалы, салық, пәтер ақысы тәрізді бірден бөлек шотқа салу керек. Айдың соңына дейін күтіп, ақша қала ма деп отырудың қажеті жоқ", - деді экономика ғылымдарының кандидаты.
Маман ақшаны ұтымды пайдалануға, күтпеген саудадан аулақ болуға кеңес берді.
Сондай-ақ, экономист салық шегерімдері туралы ақпаратты зерттеп, барлық мүмкін жеңілдіктерді пайдалануды ұсынды.
"Қандай да бір жинақ қалыптастырған кезде, оны бірден кіріс әкелетін активке салыңыз, ең болмағанда банктегі депозит ретінде. Бұл аз ғана пайыз болса да, ол бәрібір пайыз, қандай да бір кіріс. Содан кейін, қаржылық сауаттылықты сәл игерген болсаңыз, басқа құралдарды пайдалана аласыз, мысалы, құнды қағаздар нарығындағы операцияларға, ең болмағанда, жеке инвестициялық шоттар арқылы қатысуға болады", - деп түйіндеді Беляев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан