"Бәрімізді жылатты". Сәкен Майғазиев "Харекет" қорымен бірге екі көзі көрмейтін талантты бүлдіршінге пәтер сыйлады

"Бәрімізді жылатты". Сәкен Майғазиев "Харекет" қорымен бірге екі көзі көрмейтін талантты бүлдіршінге пәтер сыйлады
Фото: Cәкен Майғазиевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған кадр

Танымал әнші Сәкен Майғазиев "Харекет" қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, екі көзі көрмейтін 12 жастағы бүлдіршінге жаңа пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, Кәусар есімді 12 жастағы балақайдың екі көзі көрмейді, оның үстіне целебралды сал ауруына шалдыққан. Осылайша, өнер иесі қайырымдылық қорының 1001-баспанасын Кәусар мен анасына табыстады.

"Екеуі де бұған дейін пәтер жалдап тұрған. Алла нәсіп етсе, тосынсыйды жасағалы тұрмыз. Біздің келетінімізден бейхабар. Кәусар бәрімізді жылатты", - дейді әнші видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Желі қолданушылары жантебірентер көрініске жылы лебіздерін жазған.

"Алла разы болсын ағау", "Біздің халық өзін өзі құтқарып жүр әйтеуір. Алла осы ауызбіршілігімізге береке берсін!", "Әп бәрекелді, жаным, кішкентай балапаным!!! Үмітің үзілмесін. 1 топтағы мүгедек и еще дцп бола тұра, сау адамның қолынан келе бермейтін өнеріңе, талантыңа тәнті боп жүрміз! Сәкен аға, жарайсыз!!! Бос сөйлемейтін, іс әрекетімен дәлелдейтін ер азаматтарымыз көөөп болсын!!!", "Аллаға сансыз шүкір. Жарайсың, Сәкен бауырым. Қаракет қайырымдылық қорына. Қазақ халқыма Алланың нұры жаусын. Әмин", "Сәкен аға сіз үнемі Алла ұлық дисізғо. Расымен де Алла ұлық Аллаға шүкір. Аман жүріңіз. Ұрпағыңыздың қызығын көріңіз. Алла екі дүние бақытын берсін", "Қандай керемет жаңалық! Аллах разы болсын!" - дейді олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Кәусардың анасы да әлеуметтік желіде күтпеген тосынсыйға алғысын білдірген.

"Бүгінгі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Аллаға мың шүкірлер. Алланың қалауымен бүгін Сәкен аға өзі Оралға арнайы Кәусар үшін ұшып келіп, "Харекет" қайырымдылық қорының 1001-ші, екі бөлмелі баспанасын табыстады", - деп жазды ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова