Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс

Синоптиктер 7-9 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде фронтальды бөлімдерға байланысты ауа райы өзгереді. Найзағай ойнап, жел соғып, жаңбыр жауады. Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі деп болжанып отыр.

"Елдің көптеген аймағында ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы, 7 қазанда солтүстіктің кейбір аудандарында 1 градусқа дейін суық, күндіз солтүстік жартысында 10-20 градус жылы, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова