- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында туристер...
Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады: бір адам қаза тапты
Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлады.
5 қазан күні сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты ауылдық округі аумағында "Қайыңды-Саты" таулы автожолының 9-шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан "УАЗ" автокөлігімен соқтығысқан.
Аталған деректі Кеген аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімі бойынша тіркеді. Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді.
Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын объектив зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан