"Балаларды мұғалімдердің алдында қорғамаңыздар". Президент ата-аналарға үндеу жасады

"Балаларды мұғалімдердің алдында қорғамаңыздар". Президент ата-аналарға үндеу жасады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтер съезінде ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Барша ата-анаға айтарым, балаларыңыздың зорлық-зомбылық жасауына, қоғамдық тәртіпті бұзуына ерік бермеңіздер. Әсіресе, оларды мұғалімдердің алдында қорғамаңыздар. Баланың бетінен қақпаймын деп, оның теріс қылықтарына көз жұма қараудың соңы келешекте қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін.

Алдағы уақытта заңға қайшы әрекеттерге бармас үшін мектеп тәртібін бұзушыларға алдын алу шараларын қазір қолданған жөн", - деді Тоқаев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова